Ернур Молдашев, координатор проектов Фонда, дал комментарий журналисту газеты "Егемен Казахстан" Орынбеку Утемуратову по вопросам развития среднего класса в Казахстане.
"Енді Ернур Молдашев бұл жіктеудің ішінен қайсысы орта тап ұғымына жақын келетінін атап өтті. «Бүгінде біз орта тап туралы сөз қозғағанда бірінші кезекте әлеуметтік-материалдық жағдайды меңзейміз. Себебі тұрақты материалдық база – орта тапты қалыптастырудың негізгі элементі. Жоғарыда аталып өткен дерекқордың ішінен ең көп көрсеткішке (54 пайыз) ие болған, ақшасы күнделікті өміріне толық жеткілікті, тек тұрмыстық техника аларда тосылатын азаматтарды Қазақстан қоғамындағы орта тап өкілдерінің қатарына қосу жиі кездеседі. Әртүрлі зерттеулерде еліміздегі орта тап өкілдерінің үлес салмағы 15 пайыз бен 60 пайыз арасын құрайтынының басты себебі де – осы. Дегенмен бұл әлеуметтік топты рейтингтің ортасында орналасқанына қарамастан, орта тап түсінігіне еш қатысы жоқ деп айтуға болады. Ал орта таптың негізгі критерийлеріне барынша жақындайтын топ – 30 пайызды құраған азаматтар. Бұл көрсеткіш соңғы 10 жыл ішінде 20-30 пайыз көлемінде сақталып келеді», дейді «Стратегия» ӘСЗО сарапшысы".
С полным текстом статьи можно ознакомиться здесь.