Covid-19 – бүкіл әлемдегі адамдардың денсаулығына қауіп төндіріп, әлемдік экономикаға, саясатқа үлкен зардабын тигізген пандемия екені белгілі. Індет алты айда жаһанға түгел жайылып, 15 миллионға жуық адамға жұғып, бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Бүгінде пандемияның алдын алу, күресу төрткіл дүниенің алдында тұрған үлкен сын-тегеурін. Әлі күнге дейін көптеген елдер коронавирустан бас көтере алмай жатыр, сол елдердің қатарында Қазақстан да бар.
Қазақстанда коронавирустық инфекцияның алғашқы белгілері 2020 жылдың 13 наурызында тіркелді. Ресми статистикаға сүйенер болсақ, 21 шілдеде Қазақстанда 73 468 инфекция жағдайы тіркелген, оның ішінде 45 376 айығып, 585 пациент дүниеден озған. Қазір COVID-19 диагнозы анықталған 28 мыңға жуық науқас ауруханаларда ем алуда.
Мақаланың мазмұны:
1. Бәрі неден басталды?
2. Төтенше жағдай
3. COVID-19 өзге елдерде жағдай қалай болды?
4. Қазіргі жағдай қандай?
5. Мақаланың соңғы бөлімінде Жамбыл, Ақтөбе облыстарындағы және Алматы, Шымкент қалаларындағы пандемиялық жағдай суреттелген
Мақаланың толық нұсқасы