2016 жылы Өзбекстанда билік ауысты. Тәуелсіздігін жариялағаннан бері мемлекет билігінің штурвалын ширек ғасырдан астам ұстап келген Ислам Каримов өмірден өткелі бұл биліктің тұңғыш ауысуы. Сайлауда Мирзиеев – 88 пайыз дауыс жинады.
Шавкат Мироманұлы Мирзиеев – 1957 жылы 24 маусымда Өзбекстанның Жызақ облысы, Заамин ауданында дүниеге келген. 1981 жылы Ташкент ирригация және ме¬лиорация институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын осы оқу орнында кіші ғылыми қызметкер болып бастаған. Институттың комсомол және партия ұйымдарын басқарған. Ғылыми ортаға танымал. Институттың бірінші проректоры қызметін атқарған. Техника ғылымының кандидаты. 1990 жылы Өзбекстан Жоғарғы кеңесіне депутат болып сайланған. Заң шығару ісінде тәжірибесі бар. 1992 жылы Ташкент қаласының Мырза Ұлықбек ау-данының әкімі болып тағайындалып, атқарушы биліктің барлық сатысынан өткен. 1996-1999 жылдары Жызақ облысының, 2001-2003 жылдары Самарқан облысының әкімі қызметтерінде болған. 2003 жылдан Өзбекстан Республикасының премьер-министрі
Президенттікке кандидат Шавкат Мирзиеев өзінің сайлауалды бағдарламасында Өзбекстанның ешбір саяси-әскери одаққа қосылмайтынын және оның ешқандай мемлекеттің әскери база-нысандарының орналасуына жол бермейтінін қадап айтты. Оның бұл саяси ұстанымы көптеген жетекші елдердің көңілінен шықты. Сондықтан, Өзбекстан президенті үшін ең алдымен қолға алатын шаруасы елдің тұтастығы мен халықтың бірлігі аса маңызды болмақ. Президент билікке кіріскен алғашқы күннен бастап, елдегі өмір сүру сапасын жақсартып, қоғамды трансформациялауда тың ұсыныстармен шығуы жұртшылықтың өзіне деген сенімін арттырды. Қолына карт бланш алған соң, жаңа президент биліктен «ескі гвардияны» аластауға, ал, олардың орнына өз адамдарын қоюға кірісті.
Ш.Мирзиеевтің қысқа уақытта мемлекет ауқымында жүзеге асырған шараларына келсек, әлеуметтік, экономикалық және мәдени салаларда қабылданған шешімдер халықтың оң бағасын алып, іс жүзінде орындала бастағаны байқалады. Билікке келгендегі алғаш күндерінен-ақ жаңа президент Ислам Каримовтың бастаған ісінен таймайтынын мәлімдеді. Сыртқы саясатта Шавкат Мирзиеев бұрын қалыптасқан тар өрісті қағиданың шеңберін ұлғайтуды көздейді. Халықаралық қауымдастықпен Өзбекстан мүддесіне қайшы келмейтін саясатты ашық жүргізуге баратын болады. Ол үшін алғашқы кезекте аймақтағы көршілерімен татулық жолын іздейтін болады.
Қазіргі таңда, жиналымдардың, түскен ұсныстарды жалпылау және терең зерттеудің негізінде Өзбекстан Республикасы Президентінің Өзбекстан Республикасы болашақта дамуы үшін жаңа саясатты жүзеге асыруда екендігін атап өту қажет.
Ш. Мирзеевтың саясатының мақсаты - ол жасалып жатқан реформалардың тиімділігін арттыру, қоғам ммен мемлекет дамуына жағдай жасау және оны жеделдету, мемлекетті жаңғырту және тұрмыстың барлық саласын ырықтандыру.
Сонымен қатар, мемлекет дамуының бес басымды бағыттары анықталды:
1. Қоғамдық және мемлекеттік құрылысты жетілдіру;
2. Заңның ұлықтылығын қамтамасыз ету және сот-құқықтық жүйесін реформалау;
3. Экономиканы ырықтандыру және оны ары қарай дамыту;
4. Әлеуметтік саланы дамыту;
5. Қауіпсіздікті,ұлтаралық келісім мен діни толеранттылықты қамтамасыз ету, салмақты, тиімді және конструктивті ішкі саясатты жүргізу.
Қоғамдық және мемлекеттік құрылысты жетілдіру туралы бірінші бағытты іске асыру аясында – мемлекеттік билік жүйесінде Ұлы Мәжіліс рөлін күшейту, заңнамалық істің сапасын жақсарту, мемлекет өміріндегі саяси партиялардың рөлін арттыру көзделуде.
Мемлекеттік басқаруды жетілдіру бойынша ісшараларды ұйымдастыру жоспарланудда, ең алдымен, мемлекеттік қызметті реформалау, экономиканы мемлекеттік реттеуді қысқарту, жеке және мемлекет сектор арасындағы екі жаққа да тиімді формаларды, «Электронды үкімет» жүйесін дамыту көзделуде.
Халықпен тиімді сұқбатты қамтамасыз ету – бұл ең бір маңызды және өзекті міндеттердің бірі еді, сондықтан да қоғамдық басқару, мемлекеттік емес коммерциялық емес ұйымдарды, бұқаралық ақпарат құралдарын жетілдіру, сонымен бірге қоғам өмірінде маххала рөлін күшейту жоспарлануда.
Жаңа саясаттың екінші бағыты – заңның ұлықтығын және соттың шынайы тәуелсіздігін қамтамасыз ету. Соттардың заңды қызығушылығын және олардың құқықғын қорғау, шешім қабылдау кезінде соттардың дербестігін қамтамасыз ететін Жоғары сот кеңесін құру жоспарлануда.
Бұл бағыт аясында 2018-2021 жылдардың қылмыстық-процессуалды және қылмыстық заңнаманы ары қарай жетілдірудің Концепциясынан, білім беру жүйесін жетілдіруден, құқық қорғау, сот органдарының қызметкерлерін таңдау мен орналастыруды, ұсыныстарды тұрақты түрде тексеру және талдау жасаудан, адвокатураны дамытудан, нотариат жүйесін және АХАЖ органдарын реформалаудан тұрады.
Экономиканы ырықтандыру және дамыту үшінші бағытында көрсетілген шараларды іске асыру үшін, ұлттық баға мен валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету, валюталық реттеу механизмдерін кезеңдеп енгізу, жергілікті бюджеттердің табыс базасын кеңейту, экспортқа бағытталған өнімдері шығару үшін замануи технологияларды енгізу, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, инвестициялық қызықтырғышты арттыру үшін кәсіпкерлік пен шетелдік инвесторларды дамыту, салықтық әкімшілікті дамыту, банк қызметінің қазіргі принциптері мен реттеу механизмдерін енгізу, көппрофильді фермерлік шаруашылықты дамыту, сонымен қатар туризм индустриясын дамытуды жеделдету ескерілген.
2017-2021 жылдарда сомасы 40 млрд АҚШ доллары болатын, жалпы саны 649 инвестициялық жобаларды ескеретін салалық бағдарламаларды іске асыру жоспарлануда. Соның нәтижесінде алдағы 5 жылда өнеркәсіптік тауарлардың өндірісі 1,5 есеге артып, оның ІЖӨ үлесі - 33,6 пайыздан 36 пайызға дейін артады, қайта өндіру саласының үлесі – 80 пайыздан 85 пайызға дейін артады.
Әлеуметтік саланы дамыту төртінші бағыт болып саналады. Бұл бағытта халықтың жұмысбастылығын арттыруды, әлеуметтік қорғау мен азаматтардың денсаулығын қорғау жүйесін жетілдіруді, жол-көліктік, инженер-коммкникациялық және әлеуметтік инфрақұырылымды дамыту мен жетілдіруді, халықты газ және электр энергиясымен қамтамасыз етуді жақсартуды, халықтың осал топтарын әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етудің сапасын, қоғамдық-саяси өмірде әйелдің лауазымын арттыруды, денсаулық сақтау саласын реформалауды, мектепке дейінгі білім беру мемкемелерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуді, жалпы орта, арнайы орта және жоғары білім беруді дамыту және сапасын арттыруды қарастырады.
Сонымен қатар, аймақты кешенді дамытудың аясында 25 мың инвестициялық жобаларды іске асырудың арқасында, 256,4 мың жаңа жұмыс орнын қамтамасыз ету арқылы халықты жұмыспен қамту көзделуде. Жұмыссыздық деңгейі жоғары аймақтарда 46,8 мың жұмыс орнын ашу, ал білім беру мекемелерінің 10 мыңнан аса бітірушілеріне кәсіпкерлік ісін бастау үшін несие рөлі қарастырылуда
Қауіпсіздікті,ұлтаралық келісім мен діни толеранттылықты қамтамасыз ету, салмақты, тиімді және конструктивті ішкі саясатты жүргізу бесінші бағыт аясында - конституциялық құрылысты қорғау, республиканың территориялық бүтіндігін қамтмасыз етуді, киберқауіпсізідк саласында ақпараттық, нормативтік-құқықтық база жүйесін жетілдіруді, төтенше жағдай кезінде халықты ақпараттындыру және ұйымдастыру жүйесін дамыту, Арал апатыныынң салдарын азайту, ұлатарық қатынастар және діни саладағы мемлекет саясатының концепциясын саясаттың басым бағыттарының концепциясын құруды көздейді.
Жаңа мемлекеттік саясатты іске асыру – бұл мемлекетті жетілдіру және модернизациялау жолында, дамыған нарықтық экономикасы бар демократиялық және құқықтық мемлекет, мықты азаматтық қоғам құруда, заңның ұлықтығын, қауіпсіздік пен құқық қорғауды, мемлекеттік шекараның қол сұқпаушылығын, қоғам арасында ұлтаралық келісім мен діни толеранттылықты қамтамасыз теу жолында, Өзбекстан Республикасының дамуына әсер ететін күшті импульс болмақ.
Автор: Молдашев Ернур, координатор проектов ОФ «ЦСПИ «Стратегия»