Орындағандар: Батиханова Мөлдір, Бөкеш Ақерке, Затыбекова Ақнұр, Кабдышева Гүлнұр (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы»)
КІРІСПЕ
Аналитикалық анықтаманың өзектілігі Сенаттың атқаратын күрделі әрі маңызды қызметімен айқындалады. Қазіргі таңда Сенатқа деген қызығушылық артуда. Бұл үрдістің өзіндік бірнеше себептері бар. Біріншіден, ақпараттық ортадағы сенаттың «Парламенттің жоғарғы палата» ретіндегі келбетінің кеңінен таралуы. Екіншіден, алғашқы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кызметінен кетуі және Дариға Назарбаеваның Сенат спикері болып сайлануы қоғамда үлкен қызығушылық тудырды. Дариға Назарбаеваның келуімен де Сенат қызметінде айтарлықтай өзгешеліктер байқалады. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты – Сенат қызметінің тиімділігін айқындау және ең бастысы – қоғамның Сенатқа деген көзқарасын анықтау.
1. СЕНАТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
1.1 Парламент жоғарғы палатасының құрамы
Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілгендей, Парламенттің құқықтық құрамдас бөлімі ретінде ішкі органдары немесе оның құрылымы, құрамы жатады. Сенат палатасының ішкі жүйесінің әрекет ету барысы бір-бірімен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының Сенат құзыреттілігі, мүмкінділігі шектеулі. Себебі Заң бойынша Конституцияның 65 бабы, 2,3-тармағы Заң шығарылуы мүмкін шектеулі тізбектер көрсетілген. Сенат депутаттары жалпы халық мүдделерін ұсынумен, ұжымдық жұмысты атқарумен, халық арасында, қоғамда маңызды орын атқаруы тиіс. Сенат құрамында қазіргі таңда қырық сегіз Сенат депутаты жұмыс атқарып келеді. 38 Сенат депутаты «Нұр Отан» партиясынан, 1 депутат «Ауыл» партиясының мүшесі, 8 депутат партиялық қатысы жоқ депутаттар санына қосылды. Сенатта басым партияның болуы жүйелік басымдылыққа әкеледі.
Қазақстан Парламент жүйесі өзіндік құрылымы мен сайлау жүйесі және иерархиясымен ерекшеленеді. Маңызды сәт ретінде Сенат депутаттардың қалыптасу кезеңі жатады. Жалпылама Сенат депутаттарының құрамдалуы мынадай кезеңдерден тұрады:
Бірінші кезең – Сенат кандидаттарының ұсынуы. Бұл сайлау тағайындаған күннен кейін басталып, сайлау аяқталуға бір ай қалғанда аяқтаталады. Осы Сенат депутаттарын ұсыну екі түрлі жолмен ұсынылады:
1) Облыстық және республикалық маңызы бар қалалар мен астана, аудандық, қалалық мәслихат сессиясында сенат депутаттарын ұсыну;
2) Өзін-өзі ұсыну тәртібі.
Екінші кезең – республикалық маңызы бар қалалар мен астана және облыс, қалалық сайлау коммиссиялары жүзеге асыратын, Сенат депутаттығына кандидат тіркеу. Осы кезеңнен өткеннен кейін Сенат депутаттарын тікелей сайлауы өтеді. Бұл сайлаушылардың бірлескен отырысында жүзеге асады. Үшінші кезеңде сайланар үміткердің сараланып, шығарылар шешімге дайындық кезеңі жүреді.
Төртінші кезеңде Орталық сайлау комиссиясы сайлау күнінен бастап жеті күн кешіктірмей Қазақстан Республикасының Сенат депутаттарының сайлау нәтижиелерін жариялайды.
Бесінші кезең Сенат депутаттарын тіркеу кезеңі. Бұл жоғарыда көрсетілген кезеңдерге тағыда Заңнамада көрсетілгендей қосымша кезеңдер жатады. Мәселен Сенат депутаттарын сайлауда қайта дауыс беріп сайлау және Сенат құрудың екінші ережесі мерзімінен бұрын сайлау жатады.
Осы кезеңдерден кейін Сенат депутаттары лауазымды тұлғаға ие болып, Сенаторлар кеңесші органы құрылады. Бұл Кеңесші органның құрамы ерекше тәртіпен тағайындалады. Белгілі бір қоғам қайраткері, ғалым, үкіметтік емес ұйымдардың немесе қоғамдық бірлестіктер қатарынан ерікті қатарынан құрылады. Ал дербес құрамын Сенат Төреағасы бекітеді. Арнайы тапсырмалар Кеңес Төреағасы, Сенат Төреағасының тапсырмасымен немесе Сенат Төреағасының орынбасарының бірі атқарады. Осы Кеңес құрамы ішінен Кеңес Төраға орынбасары және хатшысы сайланады. Кеңес шешімдері көпшілік даусының басым бөлігімен шешіледі. Кеңес мүшелері өз өкілеттілігінің басқаға берілуге жол бермейді.
Ал депутаттыққа ұсыну көрсеткіші жылдан жылға Қазақстанда өзгеріп келеді. Өзін өзі ұсынушы құрамы айтарлықтай бұрынғы көрсеткіштерге ұқсамайды. Соңғы екі жылда Парламент өкілдері Сенат кандидаттығына әйелдердің ұсынылуы күрт артты. Атап айтқанда 94-і тапсырылған үміткерлердің 62-і тіркелеген. Оның 19-ы әйел адамдар. Бұл осы уақытқа дейінгі көрсеткіштердің ең жоғарғысы. Тіркелген әйел адамдардың 60-ы қоғамдық салада еңбек еткен әйелдер. Бұл дегеніміз ерлермен әйелдердің болашақтағы депутаттық орынға таласу жуықтығының тең болуын көрсетуі мүмкін. Демократиялы елдердің басты ерекшелігі халық даусының жоғарғы орынға қойылуы және олардың белсенділігі. Кейінгі қоғамдық өзгерістерде Сенат Палатасының іс жүзінде керектігі немесе Төменгі Палатамен өзара байланысы маңызды қойылатын сұрақтардың бірі. Парламенттік дәреже ол шығарылған заңның икемділігі мен қолданыстағы белсенділігінің көрсеткіші. Ал Қазақстан Парламент палаталары заңда көрсетілгендей өзара тәуелсіз әрекет етеді. Бұл тұрғыда екі палатаның біріге шешім шығарып қолданыста енгізуіне кедергі келтіреді.
1.2. Қазақстан Республикасы Сенатының құрылымы мен құрылу тәртібі
Сенат құрылымы белгілі бір жүйеден тұрады. Ол жүйеде жоғарғы орында Сенат төреағасы, одан кейінгі Үйлестіруші орган, Сенат Төреағасының орынбасары, жұмыс органы: Конституциялық заңнама, Сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті, Қаржы және бюджет комитеті, Экономикалық саясат, Инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті, Халықаралық қорғаныс және қауіпсіздік қатынастары комитеті, Әлеуметтік мәдени және ғылыми даму комитеті, Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті.
Жалпы Сенат депутаттар сайлауы Қазақстан Республикасының заңда бекітілген нормаға сай жүргізіледі. Жанама сайлау арқылы жоғарғы палатаның құрылуы әлемдік парламентаризм тәжірибиесінен кең таралған. Қазақстан Республикасы Конституциясының 50 бабы 2-тармағына сәйкес Сенат депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырады. Сенат конституциялық заңда бекітілгендей тәртіппен әр облыстан,республикалық маңызы бар қаладан астанадан екі адамнан құрылған депутат құрайды. Сенат жергілікті өкілді орган арқылы құрылуы-аймақтардың мүдделерін білдіруді қамтамасыз етеді. Бұл Сенатты қалыптастырудың дәстүрлі үлгілерінің бірі. Жәнеде ұлттық рухани, мәдени мүдделерді ұсыну қамтамасыз ету мақсатында Сенатқа Президент 15 депутат тағайындауға құқылы.
Қазақстан Республикасының Сенат орны ҚР заңында бекітілгендей 49 орын. Қазіргі таңда Сенат палатасында 48 адам жұмыс атқарады. Себебі осы жылғы Сенат депутаттар кандитаттарын ұсыну кезінің қортындысына арналған кездесу барысында Алматы облысының аумақтық сайлау коммиссиясының өкілі үміткерлердің бірі қайтыс болды деп мәлімдеді. «10 Шілдеде Алматы облысының әкімнің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел, Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіровтың екі жақты пневмониямен қайтыс болғанын хабарлады». Бұндай жағдайда бір кандидат өлген жағдайда оның қалған жылына қайта сайлау өткізеді. Оны ортақ сайлау комиссиясы ұйымдастырады.
Қазақстан Республикасының Сенат депутаттары жас ерекшелігі құрамымен сынға ұшырап жатады. Өткен жылғы Сенат депутат сайлауында бар жоғы 7%-ға жаңарған. Гендерлік ерекшелік бойынша көрші Қырғыстан мемлекетіне ұқсас болып келеді. Жалпы сенат депутаттар саны бойынша әйел адамдар саны 18%-ды, 81%-ды ер адамдарды құрайды. 40-50 жас аралығы 15%, 50-60 жас аралығы 40%, 60-70 жас аралығы 45% құрап отыр. Сенат депутаттарының құрамында экономика, қаржы саласының мамандары басым, жоғары білім бойынша экономика және құқық саласы алып отыр. Қазақстан Республикасының Сенат Палатасының құрамында жастар мен әйел адамдардың саны басқа да ТМД елдерімен салыстырғанда аз. БАҚ құралдары бойынша депутаттар жайлы жеке деректер саны өте шектеулі.
2. СЕНАТТЫҢ 2020-2021 ж.ж. ЖҰМЫСЫ
30 маусым 2021 жылы Қазақстан Парламенті палаталардың бірлескен отырысында Парламенттің VII шақырылымының бірінші...
Полный текст Аналитической записки скачать