әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Саясаттану мамандығының 3 курс студенттері- Серік Әділ, Бітімбай Нарғыз, Қуаныш Ақерке
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Дін - белгілі бір әлеуметтік топтың философиялық және идеологиялық көзқарастары мен құндылықтарының жиынтығынан құрылатын күрделі жүйе. Дін - тұлғаның өмір сүру қағидалары мен даму векторын анықтайды. Ұзақ уақыт бойы дін адамзаттың өмірінде басты рөлдердің біріне ие болып, қазіргі заманауи демократиялық әрі зайырлы мемлекеттерде де өзінің маңыздылығын жойған жоқ.
Қазақстан Республикасы мұсылман әлемінің бір бөлшегі ретінде өзін секуляризм принциптерін негізге алған зайырлы мемлекет ретінде жариялайды. Қазақстан діни саланы реттеу мақсатында нормативтік-құқықтық механизмді қалыптастырып діни бірлестіктердің қоғамдағы қызметін бақылау мен конфессияаралық қатынастарды қадағалау саясатын жүзеге асыруда. Алайда, Қазақстан Республикасының діни саясатының де-юре кеңістігі мен де-факто кеңістігін қарастыру алдағы уақытта зерттеу жұмысының басты мақсаты болып табылады.
Зерттеу объектісі: Қазақстан Республикасының дін саласына қатысты мемлекеттік саясаты.
Зерттеу пәні: дін саласына қатысты мемлекеттік саясатта секуляризм принципінің жүзеге асырылуы.
Жұмыстың мақсаты: Қазақстанның діни саясатын құқықтық әрі институционалдық тұрғыда қарастырып, шет елдік тәжірибемен салыстыру арқылы сипаттама беру және секуляризм принципінің орындалу деңгейін анықтау.
Жұмыстың міндеттері: Оқырмандарды Қазақстандағы дін саласына қатысты мемлекеттік саясат пен қоғамдық діни кеңістікпен таныстыру;Дін саласына қатысты саясатта басты назарға алынған түсінік, яғни секуляризм түсінігіне тоқталу;Діни саясатты жүзеге асыру механизмдері ретінде нормативтік құқықтық база мен институционалдық базаны айқындау;Қазақстанның діни саясаты мен шет елдік тәжірибедегі ұқсастықтар мен өзгешеліктерді анықтау;Дін саласына қатысты мемлекеттік саясаттың артықшылықтары мен кемшіліктерін белгілеу;
Зерттеудің әдістемелік негізі: Жұмыстың жазылуы барысында теориялық зерттеу әдістері қолданылды: контент-анализ; салыстырмалы талдау; кейс-стади.
Скачать полный текст статьи