Жандос Иманбай
Қазақстанда кейінгі жылдары қылмыстың көлемі қарқынды өсіп, еліміздің экономикалық-әлеуметтік жағдайының дамуына кедергі жасауда. Қылмыстар мен тәртіпсіздіктердің жылдам өсімін құқық қорғау органдары тұрғындардың тарапынан келіп түскен шағымдар мен тіркелген өтініштердің көптігімен түсіндіруде. Сондай-ақ құқық қорғау органдары елдегі жалпы қылмыстық жағдайымыз ең әуелі ұсақ құқық бұзушылықтар мен тәртіпсіздіктердің есесінен күрделенуде екендігін жасырмайды.
Елімізде ұсақ құқық бұзушылықтардың көлемін азайту мен тәртіпсіздікті тұрақтандыру мақсатында 2012 жылдан бері «нөлдік төзімділік» принципі жүзеге асып келеді. Бірнеше жылдан бері осы бұзақылық түрлерімен жан-жақты күрес жүргізіліп жатқанына қарамастан, халық арасында тәртіпсіздік деңгейі тұрақтады деп айту әзірге қиын.
Құқық қорғау органдарының 2015 жылғы қазан айындағы ресми мәліметтеріне сүйенер болсақ, еліміздегі әкімшілік құқық бұзушылықтардың көлемі 3 226 191-ге жеткен екен. 2014 жылғы көрсеткіштерге қарағанда 25%-ға артқан. Оның ішінде ұсақ тәртіп бұзушылықтардың қатары 2015 жылы 1 560 257 жетіп, 46%-ға өскен.
Осыған орай аталмыш мәселенің жай-күйін анықтап, халықтың ұсақ құқық бұзушылықтарға қатысты ой-пікірін білу мақсатында Стратегия әлеуметтік және саяси зерттеу орталығы Қазақстанның бүкіл аумағын қамтыған зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу жұмысы 1100 іріктемеден құралып, 2013-2015 жылдар аралығын қамтыды.
Ресми статистикалық мәліметтер ұсақ тәртіпсіздіктердің қарқынды өсімін алға тартқанымен, халықтың санасында бұл бұзақылықтардың көлемі төмендеуде. Соңғы 2015 жылғы жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша тұрғындардың 49% ұсақ құқық бұзушылықтардың деңгейі жыл өткен сайын төмендеп жатыр деп есептейді. Сауалнамаға қатысқан азаматтардың үштен бір бөлігі яғни, 32% керісінше бұзақылықтардың саны жылдан-жылға өсуде деп жауап қатқан. Халықтың қалған бөлігі, яғни, 19%-ы бейтараптық танытты (жауап беруге қиналамын).
Сіздің ойыңызша, сіз тұратын жерде ұсақ құқық бұзушылықтардыңқатары өсуде ма, әлде азаюда ма? (2013, 2014 және 2015жж. салыстырмалы мәліметтері)
Бұл көрсеткіштерді өткен 2014 жылғы нәтижелермен салыстыратын болсақ, ұсақ қылмыстың саны өсті деген пікірмен келісетін респонденттердің үлесі 23-тен 32%-ға өскендігін байқаймыз. Аталмыш тәртіпсіздік деңгейлерінің төмендігін растайтын жауаптардың саны 60%-дан 49%-ға дейін төмендеген. Осы тұрғыдағы ұсақ қылмыстардың көлемі қаншалықты жиі артуда деген сауалға 2013 жылы респонденттердің жауабы мүлдем басқаша болған. Қылмыстардың саны жылдан-жылға артуда деушілер 31% болса, жыл өткен сайын бұзақылық көлемі төмендеу үстінде деп жауап берушілердің қатары 34%-ды құраған. Жауап беруге қиналамыз деп бейтараптық танытқандардың қатары тіпті 36% болған.
Байқағанымыздай қоғамдағы ұсақ бұзақылықтар саны 2014 жылы біршама азайғанына қарамастан, 2015 жылы қайта өсім процессін байқатқан. Бұл дегеніміз өз кезегінде ішкі істер органдарының, азаматтардың арыздарын қарауының бүгінгі жағдайы «нөлдік төзімділік» саясатын қажетті деңгейде жүргізіліп отыр деуге келмейді.
Зерттеудің нәтижелері көрсеткендей, бүгінгі күні ұсақ тәртіпсіздіктер мен құқық бұзушылықтар тұрғындардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналуда. Халық қоғамдық орындар мен көшелерде кереғар тәртіпсіздік түрлерімен жиі кездесіп жатады.
Үш жылдық (2013-2015) сауалнаманың нәтижелерін салыстыратын болсақ, көрсеткіштер өзгеріссіз қалған. Тұрғындардың жиі кездесетін тәртіпсіздіктердің қатарында жаяу жүргіншілердің қоғамдық орындар мен көшелерді орынсыз ластауы (қоқыс және темекі қалдықтарын лақтыру,түкіру), қоғамдық орындарда шылым шегу, қоғамдық тәртіпті бұзу болып қалған. Дегенмен, кестеге қарап ұсақ құқық бұзушылықтардың барлық түрлерінің дерлік қоғам ортасындағы таралымдық деңгейінің жыл өткен сайын төмендеп жатқандығын байқауға болады. Респонденттердің осы аты аталған ұсақ қылмыс түрлерімен күнделікті кездесу деңгейінің төмендегенімен, «сирек», «айлап», «жылдап» кездесіп қаламыз дейтін жауаптар қатары азая қоймаған.
Соңғы жылдар ішінде сіз төмендегі ұсақ құқық бұзушылықтармен қаншалықты жиі кезіктіңіз? | ||||
2013 | 2014 | 2015 | ||
Арнайы нұсқауы жоқ орындарда қоқыс тастау | Жиі, күн сайын | 48% | 40% | 32% |
Кейде, айына бірнеше рет | 25% | 34% | 34% | |
Сирек, жылына бірнеше рет | 14% | 14% | 16% | |
Кездестірмедім | 9% | 10% | 17% | |
Жауап беруге қиналамын | 3% | 2% | 1% | |
Жаяу жүргіншілердің қоғамдық орындар мен көшелерді орынсыз ластауы (қоқыс және темекі қалдықтарын лақтыру, түкіру) | Жиі, күн сайын | 0% | 57% | 44% |
Кейде, айына бірнеше рет | 0% | 29% | 29% | |
Сирек, жылына бірнеше рет | 0% | 9% | 17% | |
Кездестірмедім | 0% | 5% | 9% | |
Жауап беруге қиналамын | 0% | 1% | 1% | |
Қоғамдық орындарда шылым шегу | Жиі, күн сайын | 49% | 51% | 43% |
Кейде, айына бірнеше рет | 19% | 26% | 27% | |
Сирек, жылына бірнеше рет | 14% | 11% | 18% | |
Кездестірмедім | 10% | 10% | 10% | |
Жауап беруге қиналамын | 7% | 3% | 3% | |
Қоғамдық тәртіпті бұзу (түнгі уақытта шулау, төбелес шығару, ұрысу...) | Жиі, күн сайын | 18% | 12% | 9% |
Кейде, айына бірнеше рет | 25% | 28% | 19% | |
Сирек, жылына бірнеше рет | 31% | 34% | 37% | |
Кездестірмедім | 19% | 23% | 32% | |
Жауап беруге қиналамын | 7% | 3% | 3% | |
Үй жануарларын арнайы нұсқауы жоқ жерлерде серуендету | Жиі, күн сайын | 0% | 23% | 23% |
Кейде, айына бірнеше рет | 0% | 15% | 20% | |
Сирек, жылына бірнеше рет | 0% | 20% | 19% | |
Кездестірмедім | 0% | 32% | 30% | |
Жауап беруге қиналамын | 0% | 11% | 9% | |
Кәмілет жасына толмаған жас-өспірімдердің түнгі 23 пен таңғы 6 аралығында ата-аналарынсыз үйден тыс жерлерде жүруі | Жиі, күн сайын | 0% | 11% | 7% |
Кейде, айына бірнеше рет | 0% | 16% | 13% | |
Сирек, жылына бірнеше рет | 0% | 21% | 24% | |
Кездестірмедім | 0% | 44% | 50% | |
Жауап беруге қиналамын | 0% | 9% | 7% | |
Қоғамдық орындарда есірткі құрылғыларын қолдану | Жиі, күн сайын | 0% | 5% | 2% |
Кейде, айына бірнеше рет | 0% | 5% | 4% | |
Сирек, жылына бірнеше рет | 0% | 10% | 12% | |
Кездестірмедім | 0% | 70% | 76% | |
Жауап беруге қиналамын | 0% | 9% | 7% | |
Қоғамдық орындарда балағаттау | Жиі, күн сайын | 35% | 27% | 16% |
Кейде, айына бірнеше рет | 31% | 29% | 23% | |
Сирек, жылына бірнеше рет | 19% | 25% | 33% | |
Кездестірмедім | 10% | 17% | 25% | |
Жауап беруге қиналамын | 4% | 3% | 4% | |
Бір адамның екінші бір адамды нәсілдік діни белгілері бойынша кемсітіп, тіл тигізуі | Жиі, күн сайын | 6% | 5% | 2% |
Кейде, айына бірнеше рет | 9% | 8% | 9% | |
Сирек, жылына бірнеше рет | 21% | 23% | 21% | |
Кездестірмедім | 53% | 57% | 63% | |
Жауап беруге қиналамын | 11% | 7% | 6% | |
Қоғамдық орындарда мас күйінде жүру | Жиі, күн сайын | 24% | 15% | 10% |
Кейде, айына бірнеше рет | 31% | 33% | 28% | |
Сирек, жылына бірнеше рет | 24% | 32% | 39% | |
Кездестірмедім | 14% | 17% | 20% | |
Жауап беруге қиналамын | 7% | 3% | 4% | |
Көшедегі адамдарға тиісу, бұзақылық | Жиі, күн сайын | 7% | 5% | 2% |
Кейде, айына бірнеше рет | 13% | 12% | 9% | |
Сирек, жылына бірнеше рет | 26% | 31% | 31% | |
Кездестірмедім | 44% | 48% | 53% | |
Жауап беруге қиналамын | 10% | 5% | 6% | |
Жасы кәмелетке толмаған жас-өспірімдерге темекі және алкогольды сусын сату | Жиі, күн сайын | 0% | 12% | 5% |
Кейде, айына бірнеше рет | 0% | 15% | 13% | |
Сирек, жылына бірнеше рет | 0% | 14% | 23% | |
Кездестірмедім | 0% | 50% | 52% | |
Жауап беруге қиналамын | 0% | 9% | 6% | |
Жолда жүру ережелерін бұзу | Жиі, күн сайын | 39% | 33% | 0% |
Кейде, айына бірнеше рет | 18% | 26% | 0% | |
Сирек, жылына бірнеше рет | 13% | 18% | 0% | |
Кездестірмедім | 20% | 17% | 0% | |
Жауап беруге қиналамын | 10% | 7% | 0% |
Әдетте адамның қоғамдық орында өзін-өзі ұстау мәдениеті ең алдымен отбасында, содан кейін басқа институттардың әсерінен қалыптасады. Мәселен, сауалнама кезінде респонденттерге Сіздің ойыңызша адамның қоғамдық орында өзін ұстау дағдысын қалыптастыруда қандай субъектілер көп әсерін тигізеді? – деген сауал қойылған болатын. Бұл сұраққа респонденттердің 67% отбасы деп жауап қайырса, 40%-ы білім беруші мекемелер, 31%-ы айналасындағы өзі тілдесіп жүрген ортасына байланысты деп жауап қайырған. БАҚ көздерінің қоғамдық тәртіпті ұстануда әсерін респонденттер 24% деп баға берген. Әлеуметтік желілер мен ғаламтор ресурстарының ықпалын 17%-ға теңеген. Азаматтардың жұртшылық арасында өзін-өзі ұстау тәлімді көбіне отбасында игеретіндігі анықталса, бұл орайда ең аз ықпал етуші факторлар қатарында діни ұйымдар мен мемлекеттік органдар орналасқан.
Сіздің ойыңызша адамның қоғамдық орында өзін ұстау дағдысын қалыптастыруда қандай субъектілер көп әсерін тигізеді?
Қорытындылай келе, мемлекет тарапынан ұсақ құқық бұзушылықтар мен тәртіпсіздіктердің деңгейін азайту мақсатында түрлі іс-шаралардың атқарылып жатқандығына қарамастан, қоғамдағы тәртіпсіздіктердің көлемі төмендер емес. «Нөлдік төзімділік» принципі қоғамдық қауіпсіздіктің және қылмыспен күрестің маңызды қадамы болғанына қарамастан, елімізде ұсақ бұзақылықтардың көрсеткіштері тұрақсыз. Зерттеу жұмыстары барысында 2014 жылы аталмыш тәртіпсіздіктердің деңгейі біршама азайғаны байқалса, 2015 жылғы сауалнама нәтижелерінде қайта өсіп келе жатқандығын байқауға болады. Сонымен қатар, бүгінгі күні халық қоғамдық орындарда бұл ұсақ қылмыс түрлеріне жол бермеу керегін әлі де ұғынбаған сыңайлы.
Ең ұсақ құқық бұзушылықпен, бұзақылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керек, өйткені, осының өзі қоғам тыныштығын бұзады. Тәртіпсіздік пен өз бетімен кетушілікті сезіну одан да елеулі қылмыстарға жол ашуы мүмкін. Сондықтан да ұсақ қылмыс пен тәртіпсіздіктердің мемлекеттің қауіпті дерті екенін ескеріп, тың бастамалар жасақтау керек.
Бірінші кезекте «нөлдік төзімділік» принципінің іске қосылғандығын және ұсақ қылмыс түрлеріне қатысты жаза түрлерін қолданатындығы жайлы халықты хабардар ету қажет. Соңғы 2015 жылғы жан-жақты жүргізілген зерттеу жұмыстары барысында тұрғындардың тек 15% ғана, елбасының бастамасымен ұсақ құқық бұзушылықтарға қарсы «нөлдік төзімділік» саясаты жүзеге асып жатқандығымен толыққанды таныс болып шықты.
Қоғамдық орталар мен мәдени орталықтарда бақылауды көптеп орнату. Кезекші полейцейлерден бөлек, қоғамдық орындарда бейне бақылаулар мен фото камералардың көлемін арттыру қажет.
«Нөлдік төзімділік» саясаты негізіндегі заңнамалық актілерді жетілдіріп, күшейту қажет. Айыппұл көлемін ұлғайту, белгілі мерзім көлемінде абақтыға жабу және қоғамдық жұмыстармен жүктеу.
Тәрбиелік іс-шаралардың қатарын ұлғайту. Білім беру мекемелерінде (бала бақша, мектеп, ЖОО) мәдениет, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау дағдысына қатысты тәрбиелік мәні бар дәрістер өткізу.