Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ саясаттану мамандығы 4 курс студенті: Ошан Баян
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының берген дерегі бойынша, 2014-2019 жылдан аралығында 750 наразылық акциясы өткен. Бұл наразылықтарға шамамен 25 мың адам қатысқан және 86%-ы рұқсат берілмеген наразылықтар [1]. Бұл Қазақстандағы биліктің ауысыуына дейінгі ақпараттар. Билік транзиті кезінде де, карантин кезінде де елде наразылық деңгейі жоғары болғанын байқауға болады.
Қазақстанда осыған дейін болған ең үлкен наразылықтарға тоқталып, оларға әсер еткен себептерге назар аударсақ.
1. Жер наразылықтары. Бұл наразылық 2016 жылы болды. Наразылық сол жылы Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев 1,7 млн га ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер аукционға шығарылатындығын мәлімдемеден кейін басталды. Наразылықтар Қазақстанның барлық ірі қалаларында өтті.
Осы жылы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлағанын айта кету керек. Ұлттық валюта 85,2 пайыз девальвация болған, 2015 жылы инфляцияның деңгейі 13,6 пайызды құраған.
2. Көпбалалы аналардың наразылығы. 2019 жылы астанада өрт кезінде 5 баланың өлімінен кейін көпбалалы аналар наразылыққа шыққан болатын. Олар мемлекеттен үй мен экономикалық көмек сұрап шыққан болатын.
3. Үкіметке қарсы наразылықтар. Мемлекетте президенттік сайлау барысында және сайлаудан Қазақстанның ірі қалаларында наразылықтар өткен болатын. Олар сайлауды легитимді емес деп танып митиңге шыққан болатын. Бұл кезде наразылықтар елдегі саяси жағдайға қатысты өткен.
Әрине, елдегі наразылық деңгейіне көптеген факторлар әсер етеді. Соның ішінде, халықтың саяси мәдениеті, әлеуметтік жағдай, саяси жағдай және т.б. Бірақ, елдегі наразылық деңгейіне экономикалық фактор әсер етеді ме? Осы сұраққа жауап табу үшін «Стратегия» Қоғамдық Қоры жасаған сауалнамаға жүгінсек. Сауалнама 2021 жылдың ақпан айында өтті, сауалнамада Қазақстанның барлық аймақтарынан 1180 респондент қатысқан. Мақалада «Стратегия» Қоғамдық Қорының 2017 жылы жасаған зерттеулері де келтірілген.
Бірінші диаграммада респонденттердің «Қалай ойлайсыз, тұрғындардың елдегі жағдайға наразылық деңгейі жоғарлады ма, төмендеді ме немесе сол деңгейде қалды ма?» деген сұраққа жауаптары көрсетілген. Зерттеуге сейкес, 2021 жылы наразылық артып келеді деген респонденттердің жауабы 62% құрайды, 2017 жылдан қарағанда екі есе артқан. Ал наразылық төмендеп келеді дейтіндердің саны бір қалыпты (2017 жылы – 15%, 2021 жылы – 12%). Наразылық сол деңгейде қалды дейтіндердің үлесі екі есе азайған (2017 жылы – 39%, 2021 жылы – 16%).
Диаграмма 1. – Қалай ойлайсыз, тұрғындардың елдегі жағдайға наразылық деңгейі жоғарлады ма, төмендеді ме немесе сол деңгейде қалды ма? (респонденттердің жалпы санынан %; салыстырмалы мәліметтер)
Екінші диаграммада респонденттердің «Сіз еліміздің экономикалық жағдайын қалай бағалайсыз?» сұрағына жауабы көрсетілген. 2021 жылы сауалнамаға жауапберушілердің 14%-ы елдің экономикалық жағдайын өте нашар деп белгілеген. Алдыңғы жылдары бұл жауапты таңдағандардың үлесі 2%-дан аспаған. Өте нашар дейтіндердің үлесі 2013-2014жж. 0% болса, 2020 жылға дейін 1% болған, тек 2020 жылы 2% болған. Елдің экономикалық жағдайы нашар дейтіндердің үлесі 2013-2019 жж. 6-8% аралығында болған. 2020 жылы бұл жауаптың үлесі 12% құраса, 2021жылы екі есе өсіп, 30% құраған.
2017 жылы және 2021 елдің экономикалық жағдайы орташа дейтіндердің үлесі ұқсас (2017 ж. - 46%, 2021ж. - 41%). Алайда, бірінші диаграммаға сейкес наразылық тек 2021 жылы өскен. Бірақ, басқа жауаптардың үлесіне қарасақ, 2017 жылы экономикалық жағдайдың жақсырақ болғанын байқауға болады. .
2021 жылы елдегі экономикалық жағдай жақсы дейтіндердің үлесі 7% құраған, осы жылға дейін бұл жауаптың үлесі 24%-дан кем болмаған (2017ж-38%, 2019ж.-28%, 2020ж.-24%). Зерттеуден 2021 жылы елдің экономикалық жағдайы нашарлағанын байқауға болады.
Диаграмма 2. – Сіз еліміздің экономикалық жағдайын қалай бағалайсыз? (респонденттердің жалпы санынан%; деректерді салыстырмалы талдау, 2013 -21 ж.ж.)
Қорытындылай келе, елдің экономикалық жағдайы халықтың наразылық көңіл-күйіне тікелей әсер етеді. Халықтың әлеуеті нашарлаған сайын, елде наразылық деңгейі жоғырылай түседі. 2021 жылы елдегі экономикалық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты наразылық деңгейі көтерілген.
[1] https://cabar.asia/ru/mitingi-v-kazahstane-ot-tarifov-do-tranzita-vlasti